Реттеме

Реттеме

1.1. ХII Халықаралық «Еуразия -2016» кинофестивалінің (әрі қарай – «Еуразия» кинофестивалі) құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (әрі қарай – Министрлік) болып табылады.

1.2. «Еуразия» кинофестивалін өткізудегі мақсат қазақстандық кино өнері мен өндірісінің дамуына ықпал ету, кең қауымдастықтың кинематография өнеріне қызығушылығын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты бекіту болып табылады.

1.3. «Еуразия» кинофестивалінің мақсаттары:

  • фестивальды Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шет елдерде де танымал ету мақсатында оның брендін қайта жасау жұмысын жалғастыру;
  • құрылымы мен ұйымын жақсарту, сөйтіп, фестиваль стандарттарын «А» тобындағы фестивальдар санатына енгізу;
    • оны тек Алматы тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия өңірі тұрғындарының аса ірі мәдени шарасына айналдыру;
  • қазақстандық көрерменнің бойында отандық киноға деген қызығушылық пен сүйіспеншілік ояту;
  • шетелдік кинематографистермен, өндіріс және прокаттық кинокомпаниялармен халықаралық ынтымақтастықты одан сайын дамытып, бекіте түсу;
  • кино саласында халықаралық байланыстарды дамыту және одан әрі бекіту, әсіресе, бірлескен жобалар жасау және қазақстандық кинотуындылар прокатының нарығын кеңейту мақсатында біздің келешек әріптестеріміз болып табылатын Орталық Азия, Таяу Шығыс, Қытай елдеріне көбірек назар аудару;
  • қазақстандық үздік киножобалары мен киноөндірісінің жетістіктерін әлемге танылуына, таралуына ықпал ету;
  • Қазақстанның мәдени және кинематографиялық өмірі туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар тарату.

1.4. «Еуразия» кинофестивалі Кинопродюсерлер Ассоциациясының Халықаралық Федерациясында (КАХФ) конкурстық фестиваль ретінде тіркелген.

1.5. ХII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 24 – 30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) өтеді.

2.1. ХII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалін ұйымдастыру, дайындау және өткізу жұмыстарын кинофестивальды ұйымдастыру комитетінің Атқарушы органы «Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы» қоғамдық бірлестігі және Алматы қаласының әкімдігі жүргізеді.

3.1. «Еуразия» кинофестиваліне қатысуға территориялық шектеусіз, барлық елдердің киноұжымдары шақырылады.

3.2. «Еуразия» кинофестивалінің бағдарламасына төмендегілер енеді:

  • 2015 жылдың 1-қыркүйегінен кейін түсірілген, тақырып, жанр жағынан әртүрлі, ұзақтығы 60 минуттан кем емес, әлемнің кез келген елінен келген 12 толықметражды көркем фильмдерден тұратын конкурстық бағдарлама;
  • 2015-2016 жылдары түсірілген, тақырып, жанр жағынан әртүрлі, ұзақтығы 40 минуттан кем емес, әлемнің кез келген елінен келген 15 қысқаметражды фильмдерден тұратын конкурстық бағдарлама;
  • Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы ұйымдастырған және отандық кинематографиядағы ерекше жетістіктері үшін Тұңғыш «Тұлпар» Сыйлығы (Академия мүшелерінің дауыс беруі бойынша) тапсырылатын Қазақстан және Орталық Азия фильмдерінің тәуелсіз бағдарламасы;
  • Қазақстан территориясында түрлі жылдары түсірілген белгілі режиссерлар фильмдерінен құралған конкурстан тыс «Алғыс айту жылы» ретроспективасы;
  • «Еуразиялық понарама» – 2015-2016 жылдары түсірілген еуропалық және азиялық киноның конкурстан тыс бағдарламасы – 8 фильмнен аз емес;
  • «Әлемдік понарама» – 2015-2016 жылдары түсірілген әлемдік киноның конкурстан тыс бағдарламасы – 3 фильмнен аз емес;
  • Заманауи балалар киносының конкурстан тыс бағдарламасы – 3 фильмнен аз емес;
  • 2015-2016 жылдары түсірілген деректі фильмдер бағдарламасы, үздік фильмге Ораз Әбішев атындағы бәйге беріледі (тәуелсіз қазылар);
  • Араб киносының конкурстан тыс бағдарламасы – 3 фильмнен аз емес;
  • Түрік киносының конкурстан тыс бағдарламасы – 3 фильмнен аз емес;
  • «Мир знаний» фестивалінің жаңғырығы» («Мир знаний» кинофестивалімен бірігіп, Санкт-Петербург) атты конкурстан тыс бағдарлама – озық ғылым мен техниканың жетістіктеріне арналған фильмдер;
  • Айрықша құбылыс: арнайы конкурстан тыс көрсетілімдер – фестивальдың ашылу, жабылу фильмдерін қосқанда, 3 фильмнен аз емес;
  • Іскерлік алаңы: питчинг, дөңгелек үстелдер, шеберлік кластары, шығармашылық кездесулер, баспасөз конференциялары, кинематографистердің кәсіби клубы (ККК).

3.3. «Еуразия» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында DCP сандық форматындағы, ағылшын және орыс тілдерінде субтитрлары бар 12 толықметражды және 15 қысқаметражды фильмдері қатысады.

Фестиваль бағдарламасына енген фильмдердің көшірмелерін фестиваль Басшылығына 2016 жылдың 1-қыркүйегіне дейін тапсыру керек.

3.4. «Еуразия» кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасына DCP, 35 мм кинопленкасындағы, Blu-ray және Betacam форматындағы фильмдер қабылданады.

«Еуразия» кинофестивалінің басқа да бағдарламаларында көрсетілуге қабылданған фильмдердің көшірмелері 2016 жылдың 1-қыркүйегіне дейін Дирекцияға тапсырылуы керек.

3.5. «Еуразия» кинофестивалінің жұмыс тілі ағылшын, қазақ және орыс тілдері.

3.6. «Еуразия» кинофестивалінің бағдарламаларының біріне іріктеліп алынған фильм оның қатысатындығы туралы ресми мәлімдемеден кейін қайта шақырыла алмайды.

3.7. Әрбір фильм «Еуразия» кинофестивалі барысында 5 ретке дейін көрсетіле алады.

3.8. Барлық шарттар мен мерзімдер қадағалануы керек, басқаша жағдайда Дирекция фильмді «Еуразия» кинофестивалінің бағдарламасынан алып тастауға құқылы.

3.9. «Еуразия» кинофестивалінің бағдарламасына фильмін ұсынғысы келгендер қатысушының формасын (Қосымшаны қараңыз) толтырып, іріктеу үшін ұсынылған фильмнің ағылшын немес орыс тіліндегі субтитрлары бар DVD көшірмесін немесе интернет сілтемесін 2016 жылдың 10-тамызына дейін жіберуі керек.

3.10. Конкурстық бағдарламаға қатысу үшін фильмдерді іріктеуді фестивальдың бағдарламалық қызметінің ұсынысымен кемінде 5 адамнан құралған Іріктеу комиссиясы жүргізеді. Конкурстан тыс бағдарламаға қатысу үшін фильмдерді іріктеуді фестивальдың бағдарлама директорының басшылығымен бағдарлама қызметі жүргізеді.

3.11. Қатысушыларға «Еуразия» кинофестивалінің бағдарламасына фильмдерінің енгендігі туралы хабарланғаннан кейін, фильм авторлары фестиваль Дирекциясына қатысатындығын растап, төмендегідей құжаттарды жіберулері керек:

  • Ағылшын немес орыс тілдеріндегі субтитр парағы (диалог парақтары);
  • Қосымшада көрсетілген фильмге қатысты қажетті ақпараттар мен материалдар.

3.12. Фестивальдың конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларына енген фильмдер көшірмесінің Алматыға және кері қарай (жіберушінің әуежайы – Алматы – қабылдап алушының әуежайы) тасымалдау шығындарын «Еуразия» кинофестивалі көтереді. «Еуразия» кинофестивалі фильмдер көшірмесінің тасымалдау шығындарын әріптес фестивальдармен бөлісуге құқылы.

3.13. Фильмнің көшірмесін жіберуші оны қалай жібергендігі туралы Дирекцияға хабарлауы керек, сонымен қатар факс немес электронды адрес арқылы әуежүктің жөнелтпе құжатын жіберуі керек.
Фестиваль бағдарламасына енген фильмдердің көшірмесін сақтау және сақтандыру шығындарын «Еуразия» кинофестивалі көтереді.

3.14. «Еуразия» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысатын толықметражды фильм жағы фестивальдың марапаттау салтанатына фильм авторларының бір немесе екі өкілінің (режиссер, актер/актриса, продюсер) міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етуі керек.

3.15. «Еуразия» кинофестивалінің бағдарламаларына енген фильм өкілдерінің екі жаққабарып-келу және қонақ үй шығындарын «Еуразия» кинофестивалі көтереді.

3.16. Қонақтарды шақыру, олардың келу және аккедитациялану мерзімдері шарттарын Дирекция шешеді.

Қонақтардың тұру шарттары «Еуразия» кинофестивалінің Дирекциясымен олардың жеке шақыруларында көрсетіледі. Қонақтардың тұру шығындары «Еуразия» кинофестивалінің жалпы бюджетінің 40 пайызынан аспауы керек.

3.17. Қонақтарды аккредитациядан өткізу ұсынысы 2015 жылдың 10-қыркүйегіне дейін қабылданады.

4.1. Конкурстық фильмдерді бағалау үшін кем дегенде, бес адамнан тұратын халықаралық қазылар алқасы (әрі қарай- қазылар алқасы) құрылады. Қазылар алқасының құрамын Дирекция бекітеді.
Қазылар алқасына сайыстық фильмдердің жасалуына немесе таратылуына атсалысқан адамдар кіре алмайды.

4.2. Қазылар алқасының екі жаққа келу-кету және тұру шығындарын, сонымен қатар олардың еңбекақылары шығындарын «Еуразия» кинофестивалі көтереді.

4.3. «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасы жеке номинациялар жеңімпаздарын анықтайды, «Еуразия» мүсін-жүлдесі мен ақшалай сыйақыларын тапсырады:

Толықметражды фильмдер конкурсы:

  • Үздік фильм Бас Жүлдесі үшін 3 000 000 (үш миллион) теңге (фильмнің продюсеріне беріледі);
  • Үздік режиссерлық жұмыс үшін 2 000 000 (екі миллион) теңге;
  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • Үздік ер адамның ролі үшін 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • Үздік әйел адамның ролі үшін 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • Қысқаметражды фильмдер конкурсы;
  • Үздік қысқаметражды фильм Бас Жүлдесі 500 000 (бес жүз мың) теңге (продюсерге беріледі).

4.4. Қазылар алқасы құқылы:

  • «Еуразия» кинофестивалінің кез келген номинациясы бойынша жүлде тапсырмауға;
  • «Еуразия» кинофестивалінің тапсырған жүлделерін негіздеуге.

4.5. Қазылар алқасы міндетті:

  • барлық конкурстық фильмдердің көрсетілімдері мен талқылауларына қатысуға;
  • ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдауға.

4.6. Жүлделерді тапсыру туралы шешім қазылар алқасы мүшелерінің бәрі қол қойған хаттамен рәсімделеді.

4.7. Қазылар алқасының шешімі «Еуразия» кинофестивалінің жабылу салтанатында жарияланады, ол соңғы шешім болып есептелінеді және қайта қаралмайды.

4.8. Қоғамдық және басқа да ұйымдар, демеушілер фестиваль Дирекциясымен келісе отырып, 2016 жылдың 29-қыркүйегіне дейін «Еуразия» кинофестивалінің қатысушыларына арнап, өздерінің бәйгелері мен сыйақыларын бекіте алады.

4.9. Дирекцияның ерікті шешімімен «Кинематографқа қосқан үлесі үшін жүлдесін» бекіте алады.

5.1. «Еуразия» кинофестивалін барынша жарияландыру мақсатында Дирекция бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті материалдарды беріп отырады.

5.2. Дирекция конкурстық және конкурстан тыс фильмдер көрсетілгеннен кейін келесі күні фильмдердің өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын ұйымдастырады.

6.1. Фестивальға қатысушыдан нақты Реттеменің барлық баптарын ұстануды талап етіледі.

Дирекция осы Реттемеде көрсетілмеген барлық мәселелерді ХКАФ кинофестивальдеріне арналған Халықаралық Реттеменің баптарына сәйкес шеше алады.

6.2. «Еуразия» кинофестивалі Дирекциясының мекенжайы және байланыс телефондары: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы, Шевченко көшесі, 28.

тел.: +7 (727) 272-2712, факс: +7 (727) 272 2502, электронды почта: contact@eurasiaff.com, веб-сайт: www.eurasiaiff.com. и www.eurasiaiff.kz