Тұжырымдама

Тұжырымдама

XII «Еуразия» Халықаралық кинофестивалін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы өткізеді.

Фестиваль 24 – 30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Махаббат – адам өмірінің негізі және мәденитеттер бірлігіне апарар жол» деген ұранмен өтеді.

Махаббат – бұл адамның өмір сүру проблемаларын жасампаздықпен шешетін әдемі құбылыс, адам тек махаббат (барлық түрлері) арқылы ғана қоршаған ортамен, қоғаммен және басқа да адамдармен келісім, бірлікке келе алады. Махаббат – кездейсоқ қонған бақыт немесе тағдырдың сыйы емес, ол адамнан кемелділікті, шығырмашылықты және ішкі еркіндікті талап ететін биік өнер. Ол адамды рухани байытады, оны этикалық, эстетикалық және мәдени дамуда жаңа баспалдақтарға жетелейді. Махаббат адам өмірінің бүкіл құрылымы мен құндылықтарына оң өзгерістер әкеледі. Кино тарихына көз салып қарасақ, бүкіл кинотеатрлардағы кинокөрсетілімдердің барлығына да адамдардың бір-біріне, өз еліңнің мәдениеті мен тарихына, жақындарға деген, ананың балаға, баланың анасына, Құдайға және Отанға деген сүйіспеншілік, мамандығыңа және адам өмірінің басқа да түрлі саласына  деген махаббат тақырыбының қатысы бар екендігін байқаймыз.

Киноның адамның санасына әсер ететіндігі даусыз, ол қоғамның адамгершілік және рухани мұраттарының генераторы болып табылады. Бүгінгі таңда біз Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында отандық кинематографияның нақты табыстарына куә болып отырмыз. ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сесиясында сөйлеген сөзінде «Біз – жаңа елміз, сондықтан бізге келушілердің еліміз, табиғатымыз, мәдениетіміз, тарихымыз туралы көбірек білуге деген ұмтылысы табиғи болмақ. Бізге осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы топтастырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімге бас июшілік; зайырлы ел – толеранттылық елі. Біз осындай қарапайым ұғымдардың айналасында бірігуіміз керек»-деп атап өтті. Махаббат пен келісім тақырыбы әлемнің түпкір-түпкірінде ушығып отырған ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарға лайықты жауап болып есептеледі, ол ынтымағы бірлескен жүздеген ұлт өкілдерінің ортақ отанына айналған Қазақстанның әлем алдындағы беделін бекітуге ықпал етеді. Сондықтан да Ұлт көшбасшысының бастамасымен тұңғыш рет атап өткізілген Алғыс айту күні аса өзекті болып табылады.

«Еуразия» халықаралық кинофестивалі – FIAPF аккредитациялаған Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі кинофестиваль, ол жыл сайын бағдарламасын кеңейтіп, әлемдік киноөндірісінің ірі мамандарының басын қосатын іскерлік және пікірталас алаңына айналып келеді.

«Еуразия» кинофестивалін өткізудегі негізгі мақсат қазақстандық киноны кино өнері және өндіріс ретінде дамыту, кинематорграфия өнеріне кең қауымдастықтың қызығушылығын арттыру және халықаралық ынтымақтастықты бекіту болып табылады.

«Еуразия» кинофестивалі тек өнер қайраткерлерін біріктіретін бірегей құбылыс қана емес, сонымен қатар ол – Қазақстанның қарқынды экономмикалық, саяси және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосатын және түрлі мәдениеттерді тоғыстырып, шет елдермен рухани байланыстарды кеңітетін ірі мәдениеттану жобасы. Біздің кинофестиваль – жалпыұлттық құндылықтарды бекіту жолындағы тағы бір қарқынды серпін.

XII «Еуразия» кинофестиваліне дайындық барысында Дирекция өзінің алдына төмендегідей мәселелер қойып отыр:

  • фестивальды Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шет елдерде де танымал ету мақсатында оның брендін қайта жасау жұмысын жалғастыру;
  • құрылымы мен ұйымын жақсарту, сөйтіп, фестиваль стандарттарын «А» тобындағы фестивальдар санатына енгізу;
  • оны тек Алматы тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия өңірі тұрғындарының аса ірі мәдени шарасына айналдыру;
  • қазақстандық көрерменнің бойында отандық киноға деген қызығушылық пен сүйіспеншілік ояту;
  • шетелдік кинематографистермен, өндіріс және прокаттық кинокомпаниялармен халықаралық ынтымақтастықты одан сайын дамытып, бекіте түсу;
  • кино саласында халықаралық байланыстарды дамыту және одан әрі бекіту, әсіресе, бірлескен жобалар жасау және қазақстандық кинотуындылар прокатының нарығын кеңейту мақсатында біздің келешек әріптестеріміз болып табылатын Орталық Азия, Таяу Шығыс, Қытай елдеріне көбірек назар аудару;
  • қазақстандық үздік киножобалары мен киноөндірісінің жетістіктерін әлемге танылуына, таралуына ықпал ету;
  • Қазақстанның мәдени және кинематографиялық өмірі туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар тарату.

Дайындық сатысы. Кинофестивальды ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстарды жүргізу, оның ішінде: фестиваль фильмдері бағдарламасы мен соған қатысты барлық шараларды жасау; кинофестивальдың ашылу, жабылу сценарийлерін дайындау; кинофестиваль қонақтары мен қатысушыларын шақыру; жарнамалық компаниясын жүргізу, сонымен қатар жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен келісімдер жасау; кинофестиваль бәйгесін жасау; фестивальдың каталогын, көрсетілім кестелерін, тарталылатын материалдарды  дайындау және басып шығару және т.б.

Негізгі саты. Кинофестивальдың ашылу және жабылу салтанаттарын өткізу, кинофестиваль фильмдерінің көрсетілімін өткізу, «Eurasia Sportlight» іскерлік алаңын, «Eurasia Masters» білім бағдарламасын,  дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, сонымен қатар ККК (кинематографистердің кәсіби клубы) шараларын өткізу.

«Еуразия» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында 12 толықметражды және 15 қысқаметражды фильмдер қатысады. Кинофестивальдың бағдарламасында конкурстан тыс секцияларды қосқанда, барлығы 70-ке таяу фильм көрсетіледі.

Бағдарлама жасау барысында әлемдік киноның өзекті тенденциялары ғана емес, қазақстандық көрерменнің қызығушылықтары мен қажеттіліктері, сонымен қатар шетелдік әріптестердің біздің өңірге деген қызығушылықтары да қарастырылады. Тұңғыш рет қысқаметражды фильмдер байқауы өтеді, бұл халықаралық жас киноқоғамның фестивальға деген қызығушылығын тудыратындығы сөзсіз. Конкурстан тыс бағдарламалар жанры және мазмұны жағынан алуан түрлі – кино классиктерінен бастап заманауи тәжиребелерге дейін, көркем фильмдерден деректі фильмдерге дейін, бұл да мақсатты аудиторияның түрлі тараптарының қызығушылықтарын туғызады.

Еуразиялық және әлемдік кино понарамаларымен қатар араб және түрік фильмдеріне арнайы назар аударылмақшы. Фестиваль аясында бірқатар арнайы шаралар өтеді: «Алғыс айту жылы», Қазақстан территориясында түрлі жылдары түсірілген белгілі режиссерлардың фильмдерінен жасалған ретроспектива; балалар мен ата-аналарға арналған таңғы сеанстар, «Мир знаний» кинофестивалі ұсынған ғылыми-танымал және білім тақырыбындағы фильмдер; Ұлттық киноакадемияның «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылған соңғы жылы түсірілген үздік қазақстандық фильмдер. Фестивальдың басты бәйгелерімен қатар үздік балалар фильмі үшін Абдолла Қарсақпаев атындағы және үздік деректі фильм үшін Ораз Әбішев атындағы және кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлделер тағайындалған.

Әр фильмнің көрсетілімі бірқатар шаралардан тұрады, оның ішінде фильм жасаушыларының таныстыруы (видео арқылы), көрсетілімнен кейін көрермендермен «Сұрақ-жауап» сессиясын өткізу, бұл көрсетілім мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді және көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырады.

Былтырғы фестивальда бастау алған «Eurasia Masters» білім бағдарламасы жалғастырылады, оның аясында фестиваль қонақтары мен қатысушылары студенттер, болашақ мамандар мен белсенді шығырмашыл жастарға арнап шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұл бағдарлама кино жанкүйерлерін білім беру шараларына ғана емес, фестиваль командасының бір бөлшегі ретінде волонтерлар қатарына тартуға мүмкіндік береді.

Фестиваль шараларын республикалық каналдарда, сонымен қатар фестивальдың ресми сайтында үздіксіз таныстырып, жариялап отыратын фестиваль күнделіктерін жасау жоспарланып отыр.

Киноөндірісінің мамандары үшін Стамбул, Москва және басқа да фестивальдар үлгісі бойынша «Eurasia Spotlight» дәстүрлі шарасы ұйымдастырылады. Бұл – тек сценаристер питчингі ғана емес, works-in-progress –  түсіру немесе  постпродакшн кезеңіндегі, қосымша қаржыландыруды қажет ететін фильмдердің көрсетілімі. Авторлар болашақ инвесторлар, продюсер, әріптестер және басқа да шығармашылық ұйымдармен танысу, тәжірибе алмасу, байланыстар орнату, басқа да нарық көздерін іздеу, табу мүмкіндіктеріне ие болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бастамасымен көтерілген «Ұлттық кинематографияның 2050 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» жобасы, халықаралық бірлескен жобалар жасау сияқты өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер  фестивальдың бір бөлшегі ретінде ұйымдастырылады. ККК (Кинематографистердің кәсіби клубы) өзінің жұмысын жалғастырады.

«Еуразия» кинофестивалі «Махаббат – адам өмірінің негізі және мәденитеттер бірлігіне апарар жол» деген ұранмен өтеді және Азия, Еуропа елдері мен бүкіл әлемдік киноқауымдастықті біріктіреді. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен өзінің 1000 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы қыркүйектің жеті күнінде барлық континенттерден келген кино кәсіпкерлерінің кеғздесу орны мен шығармашылық жобалардың бастауы болады.

«Еуразия» кинофестивалі қазақстандық кино өнері мен өндірісінің дамуына ықпал етеді, кең қауымдастықтың кинематография өнеріне қызығушылығын арттырады, халықаралық ынтымақтастықты бекітеді.