Іскерлік алаң

Іскерлік алаң

Дәстүрлі арнайы іс-шара ұсынуға шайыр сценарий және демонстрация жұмыс

 

Logo - EURASIA SPOTLlGHTҚұрметті кинематографистер!

Әлемдік кинобизнеске кірігу – қазақстандық кино индустриясының  басым міндеттерінің бірі. Бұл міндетті жүзеге асыруда Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі кинобайқау – «Еуразия» кинофестивалі маңызды рөл атқарады.

2011 жылы  іргесі қаланған, халықаралық байланысты ынталандыруға бағытталған біздің  Eurasia Spotlight эксклюзивті жобамыз дүние жүзілік кино әлемінің  кәсіби майталмандарын бизнес-алаңға шоғырландыратын фестивальдің ынтымақтас серігі болып табылады.

Миссия 

Біздің қызметіміздің негізі мақсаты – Қазақстанның жас таланттарын қолдау.

Біз отандық кинематеграфистерге өз жобаларын халықаралық деңгейге шығаруға, кинодағы білік-дағдыларын қосымша дамытуға, еліміз бен шетелдерден серіктестер мен мүдделестер табуға мүмкіндік жасай отырып,  олардың тың шығармашылық ойларын жүзеге асыруға ықпал етеміз.

Біз  киноиндустрияның өзекті дамуына бағыттала отырып, оның Қазақстандағы жағымды да оңтайлы қайта түрленуінің алдыңғы шебінде болуға ұмтыламыз.

Мақсат

Eurasia  – бұл бизнес-платформа. Оның мақсаты- қазақстандық киноиндустрияны халықаралық нарыққа шығаратын тұрақты, ұтқыр және тиімді іскерлік алаңын құру.

Питчинг, презентация, панелді пікірсайыс, дөңгелек үстел және шеберлік кластар форматындағы Eurasia Spotlight іс-шаралары қатысушыларды сындарлы бастамалар арнасына біріктіріп қана қоймай, сонымен бірге қазақстандық кинематографияның ағымдағы жай-күйін зерделейтін, қазіргі таңдағы үдерістеріне шолу жасайтын және тұтастай алғанда оның даму келешегін бағалайтын  дианостикалау құралы болып табылады.

Міндеттер

  • Киноиндустриядағы халықаралық ынтымақтастық үшін іскерлік байланыстар орнату;
  • Қазақстанға әлемдік кинобизнестің жеткші мамандарын тарту;
  • Қазақстан кинематографистерінің халықаралық кәсіби қауымдастыққа кірігуі;
  • Келешегі мол жобаларды іздестіру және оларды жүзеге асыруға ықпал ету;
  • Білімдік жобаларды енгізу;
  • Жобалар мен ынтымақтастық мәселелері бойынша кинематографистерге кеңес беру.

Пайым

Eurasia Spotlight- жас толқын туындыгерлер үшін бірегей алаң, себебі олардың  тырнақалды тұжырымдамалары халықаралық деңгейдегі беделді сарапшылардың  назарында болады. Олар – продюсерлер, сату бойынша агенттер, журналистер, дистрибьютерлер, фестивальдық іріктеушілер, сыншылар,  қор директорлары және  басқа да ынтымақтастыққа лебіз білдірген әлемдік мамандар.

Қазақстанның өзіндік бай дәстүрі бар, дамып келе жатқан киноиндустриясы үшін халықаралық ко-өнім – бұл тек дамудың тың жолы, жаңа техникалық мүмкіндіктер ғана емес, сонымен бірге жаңа мәдени, достық байланыстар, жаңа фильмдер мен жаңа көрермендер.

Өз кезегінде АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей және басқа елден келген қонақтар Қазақстанның мәдениетімен және мүмкіндіктерімен, қазақстандық кинематографистердің жаңа буынымен танысатын болады.

Достар, біз киноның сыйқырлы әлеміне сенеміз! Бірақ оны  тума талант, табандылық және құштарлықпен өз ісіңмен  айналысу арқылы ғана елестете аламыз. Біздің жұмысымыз – Сіздің дарыныңызды анықтау, күш-жігер беру, Сізді кәсіби табыс жолына бағыттау. Сіздің жұмысыңыз- бізге осы жолда көмектесу.

Сізге табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Ізгі тілекпен,

Eurasia Spotlight дирекциясы
Анна Качко | Ильяс Ахмет

pdf-download_gold

Eurasia Spotlight 2016 РЕСМИ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әріптестер

лого академии КазНАИ Жургенова_2016Логотип КазНУИKnizh Gorodlogo_меломанPPSCubic LogoTuran СDRбродвей

ЕУРАЗИЯ КОМАНДАСЫ

Team of Eurasia Spotlight

ТАНЫМАЛ ҚАТЫСУШЫЛАР


image4ҮЙЛЕСІМДІК САБАҚТАРЫ
2013
Қазақстан, Германия, Франция
Режиссері: Эмир Байғазин

• 2011 жыл – Eurasia Spotlight жеңімпазы

63-інші Берлин халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурсына Қазақстан атынан тұңғыш қатысушысы. Ең көрнекті визуалды шешім үшін (үздік операторлық жұмыс) Берлиналдың «Күміс аю» жүлдесіне ие болды.

80-нен аса фестивальдің қатысушысы және 30-дан аса халықаралық марапаттың иегері.

Сиэтл, Женева, Базел, Амьен, Словакия, Сан-Паоло фестиваліндерінде, Мәскеудегі 2Morrow фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, Трайбек, American Film Institute, Варшава және тағы басқа кинофестивальдерде ең үздік режиссерлік және актерлік жұмыс үшін жоғары наградаларға ие болды. Asia Pacific Screen Awards байқауында «режиссурадағы ерекше жетістігі үшін» айрықша аталып өтілді және «Ең үздік операторлық жұмысы үшін» номинациясын жеңіп алды.

image6image5

 

 


image7ҚОЖАЙЫНДАР
2014
Қазақстан
Режиссері: Әділхан Ержанов 

• 2011 жыл – Eurasia Spotlight жеңімпазы

67 – інші Канн халықаралық кинофестивалі ресми бағдарламасының қатысушысы.
Варшава халықаралық кинофестивалінде «Free Spirit Award» сыйлығына ие болды және Чикагодағы халықаралық кинофестивалінде арнайы аталып өтілді. Ресей кинотанушылары мен киносыншылары Гильдиясының «Слон» («Піл»), «КиноШок» ХКФ-нің «Біздің өмірімізге көңілді, адал және батыл көзқарасы үшін!» сыйлығымен марапатталды. Беларусияның «Листопад» ХКФ қазылар алқасының «Әлеуметтік кинодағы эстетикалық минимализмі үшін» арнайы дипломына, Ливандағы Cultural Resistance ХКФ-да ең үздік азиялық фильм НЕТПАК жүлдесі мен ең үздік фильм жүлдесіне ие болды.

Asia Pacific Screen Awards-тың «Үздік фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» номинациялары

30-дан астам фестивальдің қатысушысы.

image8image9

 

 


kinopoisk.ruОҚИҒА
2014
Қазақстан
Режиссері: Нариман Төребаев 

• 2011 жыл – Eurasia Spotlight қатысушысы

49-інші Карловы Вары халықаралық фестивалі негізгі конкурсының және дүние жүзі бойынша 20- дан астам фестивальдің қатысушысы.

10-інші «Еуразия» ХКФ ФИПРЕССИ және НЕТПАК қазылар алқасының жүлдесі.

image11image12

 

 


image13ЖАҢҒАҚ АҒАШЫ
2015
Қазақстан
Режиссері: Ерлан Нұрмұхамбетов

• 2015 жыл- Eurasia Spotlight қатысушысы

20-інші Пусан халықаралық кинофестивалінің New Currents («Жаңа ағымдар») секциясының басты жүлдесі. Везулдегі Азия киносының 22-інші халықаралық кинофестивалінде киносыншылардың арнайы жүлдесі («Ауыл өмірінің шынайы және батыл портреті үшін») және халықаралық қазылар алқасының арнайы жүлдесі («Күрделі экономикалық және саяси жағдайға қарамастан күлкі шақырғаны үшін»).

image14image15

 


image16

16 ҚЫЗ
2016
Қазақстан
Режиссері: Қанағат Мұстафин

• 2015 жыл- Eurasia Spotlight қатысушысы

 

image17image18